Петропавлда «Мағжан мұрасы-жастардың көзқарасымен» тақырыбына мәдени-ағартушылық бағдарлама өтті

Петропавлда «Мағжан мұрасы-жастардың көзқарасымен» тақырыбына мәдени-ағартушылық бағдарлама өтті

Облыс орталығында  ақпанның 25-і мен 27-і аралығында    «Мағжан Жұмабаев орталығында»  мәдени-ағартушылық  «Мағжан мұрасы-жастардың көзқарасымен» тақырыбына бағдарлама өтті. Шараға шамамен 300-дей оқушылар мен колледж студенттері қатысты.

Сондай-ақ, ақын елінде-М.Жұмабаев ауданында шамамен 50 бала тарихи-өлкетану мұражайында болды. 

Іс-шараның мақсаты–мектеп оқушылары мен студенттер арасында заңға бағынатын және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ ұлы ақын әрі қоғам қайраткері — Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы патриотизмге тәрбиелеу.

Бағдарлама барысында қатысушылар бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған ақынның рухани мұрасына бет бұрды. Жастар арасында ерекше ықылас тудырған жолдар:

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты —

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!» — жас ұрпақтың күші, ұмтылысы мен жауапкершілігіне деген сенімді білдіреді.

Бұл сөздер іс-шараның символына айналып, мемлекеттің дамуына үлес қоса алатын күшті, білімді және заңға бағынатын жастарды қалыптастырудың маңыздылығын айқындады.

Қатысушылар ақын шығармашылығында көрініс тапқан азаматтық, әділдік және Отанға адалдық идеяларын талқылады. Қоғамға қызмет ету жеке жауапкершілік пен заңға құрметтен басталатыны туралы ойға ерекше назар аударылды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастыруда.

Осындай іс-шараларды өткізу жастардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға және өз елінің тарихын құрметтейтін әрі оның болашағы үшін жауапкершілігін сезінетін ұрпақты қалыптастыруға ықпал етеді.

                                 Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.