Прокурорлар мен бизнес көпбалалы отбастарын қолдауда күштерін біріктірді

Прокурорлар мен бизнес көпбалалы отбастарын қолдауда күштерін біріктірді

Прокуратура органдары құқықтық мәдениетті нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға және мемлекет пен азаматтар арасындағы сенім деңгейін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.

Осы бастаманы іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 27 ақпанында Есіл ауданының прокуратурасы бизнес-қоғамдастық өкілдері — «Коптева Н.А.» ЖК, «Кехян З.Г.» ЖК және «Игнатенко С.Н.» ЖК-мен бірлесіп «Заң мен тәртіп»үшін бизнестен 100 игі іс» акциясын өткізді, оның барысында көпбалалы отбасыларға атаулы материалдық көмек көрсетілді.

Жалпы саны 13 кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған 3 отбасыға қолдау көрсетілді.

Аталған көмек бірінші кезектегі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуге және балаларды тәрбиелеу мен дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Осындай іс-шараларды өткізу прокуратура органдарының кәсіпкерлік қоғамдастықпен өзара іс-қимылын нығайтуға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.

Көрсетілген бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

                                 Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.