
Органы прокуратуры продолжают системную работу по контролю за реализацией социальных инициатив, финансируемых за счет возвращенных государству активов.
В Северо-Казахстанской области реализуются 5 проектов в сферах здравоохранения и коммунального хозяйства, направленные на повышение качества жизни населения, а также развитие социальной и экономической инфраструктуры.
Прокуратура органдары мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру бойынша бақылау жұмысын жүйелі жүргізуде.
Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сонымен бірге әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 5 жоба жүзеге асырылуда.
Тайынша ауданында көпбейінді ауданаралық ауруханасының қабылдау бөлмесін қалпына келтірумен ғимараттың бірінші қабатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жобаны жүзеге асыру мекеменің облыстың тұрғындарына заманауи стандарттарға сәйкес шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Петропавл қаласында «Qyzyljar» арнайы экономикалық аумағының инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде, бұл инвестицияны тарту, өндірістік әлеуетті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құрастыру үшін қосымша мүмкіндіктерді береді.
Одан басқа, Пресновка және Соколовка топтық су құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бұл облыстың 20 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттырады және селолық елді мекендерде өмір сүру жағдайын жақсартады.
Өңірде қайтарылған активтер есебінен білім беру және коммуналдық шаруашылық салаларында барлығы 34 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Облыс прокуратурасы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың мониторингін жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.