
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қадағалау органының өкілдері прокуратура қызметінің негізгі бағыттарын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндірді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға, оның ішінде прокуратура органдарында тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақтарға жауап алды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.