
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Тұрсынбеков Нұрқанат Болатұлы Айыртау ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2018 жылы бастаған, әр жылдары Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының прокуратураларында қызмет атқарған, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінде прокурор, аға прокурор лауазымдарын атқарған.
2024 жылдың наурызынан Жетісу облысы Кербұлақ ауданының прокуроры лауазымында болған.
Құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілі 15 жылдан астам, оның ішінде прокуратура органдарында 7 жылдан астам.
Үйленген, екі 2 баласын тәрбиелеуде.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.