
2026 жылғы 19 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын және «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру шеңберінде «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты есірткіге қарсы акция өтеді.
Іс-шараның басталуы: 2026 жылғы 19 ақпан, сағат 10:00.
Петропавл қаласындағы жиналу орны: Петропавл қаласы, «Динамо» стадионы (Тоқсан би көшесі, 11).
Акцияның мақсаты: есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және есірткі граффитилерінің таралуына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ халықты есірткі құралдарын заңсыз айналымға енгізудің және тұтынудың құқықтық салдары туралы ақпараттандыру.
Акция облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер, жастар және волонтерлік ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ студенттердің қатысуымен өтеді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы