№ 48 мекемеде театрландырылған қойылым көрсетілді

№ 48 мекемеде театрландырылған қойылым көрсетілді

«Заң мен тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру шеңберінде облыс прокуратурасы бірінші рет қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінің сотталғандары үшін театрланған қойылым форматында профилактикалық шара ұйымдастырды.

 2026 жылғы 13 ақпанда облыс прокуратурасының үйлестіруімен  Қылмыстық-атқару жүйелері департаментімен, облыс әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасымен  бірлесе отыра  500-ден астам  сотталғандарға «Абайдың қара сөздері» театрланған  қойылымы көрсетілді. 

Шараның мақсаты профилактикалық және тәрбие жұмыстары, сотталғандарда заңға құрметпен қарауды, тәртіпті және қоғамда өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру,  құқықтық және мінез-құлқын қалыптастыру,  жасаған қылмысы үшін өзінің жеке жауапкершілігін мойындауды  қалыптастыру.

Профилактикалық қызметте театрланған өнерді көрсету бірінші рет қадағалау ықпалының қосымша құралы ретінде сотталғандар арасында заңға бағыну тәртібін қалыптастыру және қайталанған құқық бұзушылықтарды  ескерту.

Абайдың философиялық мұрасына негізделген қойылым сотталғандармен құқықтық және моральдық нормаларды сақтау маңыздылығын түсінуге,  заңның қоғамдағы рөлі мен әрбір адамның  ішкі жауапкершілік қажеттілігін мойындауға бағытталған.

Өткізілген шара профилактикалық жұмыс түрлерін кеңейту және қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде  заң мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында тиімді  ведомствоаралық өзара әрекеттесу туралы куәландырады.  

                             Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы