Өндірістегі қауіпсіздік пен жауапкершілік!

Өндірістегі қауіпсіздік пен жауапкершілік!

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған «Заң мен тәртіп – өндірістегі қауіпсіздік пен жауапкершілік!» акциясын өткізді.

Акция Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы органдарының басшыларының, Петропавл қаласы мен облыс аудандары әкімдіктері өкілдерінің, Полиция департаментінің, сондай-ақ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті облыстық департаментінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты өндірістік ұжымдарда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың, жазатайым оқиғалар мен апаттардың алдын алу, сондай-ақ құқықтық және өндірістік тәртіп деңгейін арттыру.

Акция аясындағы іс-шаралар Петропавл қаласында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Тайынша және Аққайың аудандарында бірнеше алаңда өтті. Басшылар мен қызметкерлердің жалпы қамтылуы 4 мыңнан астам адамды құрады.

Кездесулер барысында қызметкерлер мен жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының нормалары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді. Жалақыны уақтылы төлеу, еңбек қатынастарын ресми ресімдеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Акцияны өткізу қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, өндірістік тәртіпті нығайтуға және еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша қосымша шараларды әзірлеуге ықпал етті.

                              Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.