
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында полиция қызметкерлерін шақырмай және сот органдарына жүгінбей, жол-көлік оқиғаларының жеңіл түрлері бойынша сақтандыру жағдайларын ресімдеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілді.
Осы мақсатта жол-көлік оқиғасына қатысушыларға апаттың мән-жайларын өз бетінше тіркеуге және сақтандыру жағдайын электрондық форматта рәсімдеуге мүмкіндік беретін «Еурохаттама» арнайы мобильді қосымшасы әзірленді (жүктеу сілтемелері: https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500; https://apps.apple.com/kz/app/europrotocol-app/id6470774500).
Еурохаттаманы қолдану бір мезгілде мынадай шарттардың сақталғаны жағдайында мүмкін болады: жол-көлік оқиғасына тек екі көлік құралының қатысуы; екі жүргізушінің де міндетті сақтандырудың қолданыстағы шарттарының болуы; келтірілген залалдың тек көлік құралдарына ғана тиесілі болуы; жол-көлік оқиғасына қатысушылар арасында келіспеушіліктің болмауы; келтірілген шығын мөлшерінің 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауы (1 АЕК — 4 325 теңге).
Еурохаттаманы пайдалану жүргізушілерге әкімшілік жауаптылыққа тартылудан жалтаруға, сондай-ақ әкімшілік және сот рәсімдерін алып тастау арқылы сақтандыру төлемдерін алу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Аталған тетікті кеңінен қолдану мақсатында прокуратура органдары жол қозғалысына қатысушылармен және сақтандыру ұйымдарының өкілдерімен жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында облыс прокуратурасының алаңында облыс прокурорының орынбасары Сапаров Т.А.-ның сақтандыру компанияларының өкілдерімен кездесуі өтіп, онда Еурохаттаманы практикалық қолдану мәселелері мен оны пайдалану барысындағы проблемалық аспектілер талқыланды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы аясында облыстық прокуратура қызметкерлері жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларын жеңілдетілген тәртіппен ресімдеу тәртібін түсіндірді.
Қадағалау органы мобильді қосымшаны пайдалану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 2-57-0 қысқа нөмірі арқылы Call-орталыққа жүгінуге болатынын еске салады.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press?lang=kk