Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларға арналған «Құтқарушының бір күні» акциясы өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларға арналған «Құтқарушының бір күні»  акциясы өткізілді

2026 жылғы 12 ақпанда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасының бастамасымен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, балаларға арналған «Құтқарушының  бір күні» кең ауқымды профилактикалық акциясы өтті, оған өңірдің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты.

Оқушылар үшін ішкі істер органдарының бөлімшелері мен өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар ұйымдастырылды, онда олар құқық қорғау және құтқару қызметтері қызметкерлерінің күнделікті қызметімен танысты.

Акция барысында балаларға құтқарушылардың жұмысы, өрт сөндіру техникасы және мамандандырылған автомобильдерді жарақтандыру көрсетілді, сондай-ақ өрт және өзге де төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.

Полиция бөлімшелерінде оқушылар полиция департаментінің мұражайына, сондай-ақ бейнебақылау жүйелері арқылы қаладағы жедел жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізілетін және құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылданатын жедел басқару орталығына барды.

Акциямен барлығы 350-ден астам бала қамтылды.

Осыған ұқсас іс-шаралар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткізілді.

Мұндай кездесулерді өткізу өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сана деңгейін арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау және құтқару қызметі саласында мамандық таңдауға қызығушылықты дамытуға ықпал етеді.

Осы форматтағы жұмыс жалғасатын болады.

                               Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы