АНОНС

АНОНС

2026 жылғы 12 ақпанда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру аясында облыс прокуратурасының бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және облыс әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп кәмелетке толмағандарға арналған «Құтқарушының бір күні» профилактикалық акция өткізіледі.

Іс-шара барысында балалар мен жасөспірімдер өрт сөндіру бөлімшелері мен полиция органдарына барып, құтқарушылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті қызметімен танысады, сондай-ақ олардың қызметінің ерекшеліктері туралы мағлұмат алады.

Акцияның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандарда қауіпсіздік сезімін қалыптастыру, төтенше және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне деген сенімді арттыру, сондай-ақ құтқару және құқық қорғау саласындағы мамандықтарды саналы түрде таңдауға қызығушылық пен  мотивацияны  дамыту.

Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндіру бөлімдері мен полиция ғимараттарының базасында өтеді.

ӨТКІЗУ  ОРЫНДАРЫ:

Петропавл қ.: Өрт сөндіру бөлімі,  Нефтепроводная к., 1Б (сағ.12.00, 15.00.)

Полиция департаментінің мұражайы, Қазақстан Конституциясы к.,  70 (сағ.12.00, 15.00 с.)

                                           Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.