
«Заң мен тәртіп» идеологемасын жүзеге асыру шеңберінде 2026 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы облыстың Қылмыстық-атқару жүйелері департаментімен бірлесе отыра №48 мекеменің сотталғандары үшін «Абайдың қара сөздері» театр қойылымын көрсету жоспарланып отыр.
Шараның мақсаты-сотталғандардың құқықтық және мінез-құлқын қалыптастыру, оларды заңға құрметпен қарауды, белгіленген тәртіп нормаларын және адамның бойындағы құндылықтарға тәрбиелеу.
«Абайдың қара сөздері» театр қойылымы сотталғандарға заңның маңызы мен қоғамда өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіруге, тәртіпті сақтау қажеттілігіне, өзінің әрекеті үшін жауапкершілікті мойындауға, сонымен бірге әділ, адал болуға және мінез-құлқын таңдауға бағытталған.
Өткізу орны мен уақыты: №48 мекеме, Петропавл қ., Заречная к., 100, 2026 жылғы 13 ақпан, басталуы сағат 10:00-де.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.