
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотымен ауыр және қайтымсыз салдарларға әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасаған азаматтың қайтыс болуына байланысты, қылмыстық іс қысқартылды.
Оқиға 2025 жылғы 5 маусымда болған. «Mercedes-Benz» автомобилін басқарған кінәлі, мас күйінде, Омбы шоссесі жағынан Набережная көшесі бағытында келе жатып, жылдамдық режимін арттырып, қарсы жолаққа шыққан. Аталған әрекеті салдарынан «Газ» автомобилімен соқтығысқан.
Жүргізушінің жіберген олқылығы салдарынан бес адам қаза тапқан, оның ішінде кәсіпкерлер отбасының отағасы және олардың кішкентай қызы, бұл туыстары үшін ауыр қайғы және жол қозғалысы ережелерін сақтамаудан болды.
ЖКО салдарынан кінәлінің өзі де алған жарақаттарынан көз жұмған.
Облыс прокуратурасы мас күйінде көлік құралдарын басқару тікелей адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндігін, заң талаптарын дөрекі бұзушылық болып табылатындығын естеріңізге салады.
Құқық бұзушылық профилактикасы және жол-көлік оқиғаларын ескерту мақсатында азаматтарды :
- Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау;
- алкогольдік, есірткі немесе басқа заттардан мас күйінде көлік құралын басқаруға жол бермеуге;
- қоршаған жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілікті тану туралы ескертеді.
Аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен көлік құралдарын басқару құқығынан және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қоса алғанда, қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.