Прокуратура орман мекемелері қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді

Прокуратура орман мекемелері қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы орман шаруашылығы мекемелерінде еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында заңнаманың бірқатар бұзушылықтарын анықтады.

Орман шаруашылықтарының лауазымды адамдары орман шаруашылықтарының 33 қызметкерімен жасалған еңбек шарттары туралы міндетті мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізбеген, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына қайшы келеді және азаматтардың еңбек қатынастарын тиісінше ресімдеу, еңбек өтілін растау құқығын шектеген.

Сонымен қатар, жұмыс уақытын есепке алу тәртібінде бұзушылықтар анықталды, соның нәтижесінде жекелеген қызметкерлерге олардың жұмыс орнында нақты болмаған кезеңдері, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған күндері үшін жалақы есептеліп, төленген.

Қабылданған шаралармен 33 қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді-еңбек шарттары туралы мәліметтер ЕШЕАБЖ-не толық көлемде енгізілді, азаматтардың өздерінің еңбек қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Негізсіз төленген жалақы сомасы бюджетке өтелді, 19 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.