
Прокуратура органдары еңбек қатынастары саласындағы заңнама бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде.
Жүргізілген талдау барысында қызметкерлерге заңда көзделген төлемдердің төленбеуінен көрініс тапқан, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарын бұзу фактілері анықталды.
Атап айтқанда, Тайынша және Уәлиханов аудандарының білім бөлімдері Кодекстің 52-бабының талаптарын ақарамастан 215 педагог қызметкерге біліктілікті арттыру курстарынан өтуге байланысты іссапар шығындарын төлемеген, жалпы сомасы 22,3 млн теңгені құраған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, 128 қызметкерге 10 млн теңге сомасында төлемдер жүргізілді.
Қалған қызметкерлер бойынша бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынанбері прокуратура органдары 160 қызметкердің еңбек құқықтарын қорғады.
Қадағалау органы еңбек қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдыналуға бағытталған жұмысты жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.