
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 6 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының @prokuraturasko ресми Instagram парақшасында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қоса алғанда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты сақтау мәселелеріне арналған тікелей эфир өтті.
Тікелей эфир барысында Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері аталған салаларға қатысты өзекті құқықтық мәселелерді түсіндіріп, шамамен 1000 пайдаланушының өтініштері мен сұрақтарына нақты уақыт режимінде жауап берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша халықпен және бизнес-қоғамдастықпен ашық диалогтың маңыздылығы, заңдылықты нығайтудың және азаматтардың құқықтарын одан әрі қорғау қажеттілігіне ерекше мән беру атап өтілді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.