4 ақпан 2026 жылы прокуратура органдары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалалық Мәдениет үйінде сотталған тұлғаларға арналған «Құқық векторы» акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты — сотталған тұлғалардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.
Аталған акцияға жергілікті атқарушы органдар, адвокаттар, сот орындаушылары, банк жүйесінің мамандары және басқа да құзыретті тұлғалар қатысты.
Шамамен 500 сотталған тұлға қамтылып, олар өздерін қызықтырған сұрақтарын құзыретті мамандарға қойып, әртүрлі бағыттар бойынша қызметтер алды.
Қала прокуроры сотталған адамдармен жұмыс ерекше бақылауда екенін, құқық қорғау органдары сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіруге мүдделі екенін атап өтті.
#ЗаңменТәртіп
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.