
2025 жылғы 03 ақпанда, Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдары «Құқықтық дәріхана» ауқымды іс-шарасын өткізуді жалғастырды.
Акция аясында әрбір тұрғынға алдын-ала жазылусыз өмірлік маңызды мәселелер-әлеуметтік төлемдер, отбасы, еңбек, тұрғын үй, салық, жер және т.б. бойынша кеңес алу мүмкіндігі берілді.
Прокурорлар шамамен 100 адамды қабылдады, олардың көбі құқықтық мәселелерін шешуде кеңес алды.
Акция халыққа құқықтық көмек алуға қолжетімділікті арттыруға, прокуратура органдары мен азаматтардың тікелей өзара әрекеттесуін дамытуға, үкімет институттарына сенімді нығайтуға бағытталған.
«Құқықтық дәріхана» прокурорлармен апта сайын сейсенбі күні тұрақты негізде Петропавл қ. «Рахмет» СҮ және облыстың аудандарында адамдар көп жиналатын орындарда өтеді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.