АНОНС

АНОНС

Қоғамда заң мен тәртіпті орнатуға   бағытталған идеологеманы ілгерілету аясында 2026 жылғы 04 ақпанда облыс прокуратурасы облыс әкімдігінің ішкі саясат және мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармаларымен бірлесіп облыс орталығындағы білім беру ұйымдарының бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған «Абайдың қара сөздері» атты театрландырылған қойылым көрсетуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты құқықтық және адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу, балалардың заңға, мінез-құлық нормаларына және қоғамдық құндылықтарға құрметпен қарауын қалыптастыру.

«Абайдың қара сөздері» спектаклі балалардың тек зияткерлік қана емес, сонымен қатар эмоциялық қабылдауына да әсер етіп, қоғамдағы заңдар мен ережелердің маңызын ұғынуға, тәртіп сақтаудың қажеттілігін, өз іс-әрекеттеріне жеке жауапкершілікті, сондай-ақ әділдік пен адалдықтың құндылығын түсінуге көмектеседі.

Өтетін орны мен уақыты: Ақан Сері атындағы облыстық филармония, 2026 жылғы 04 ақпан, басталуы сағат 15:00.

                                   Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.