
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 6 ақпанда сағат 17:00-де Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ресми Instagram парақшасында @prokuraturasko кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуына қатысты мәселелерге арналған тікелей эфир өтеді.
Тікелей эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер беріп, азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына нақты уақыт режимінде жауап береді.
Іс-шара спикерлері:
Аюпов М.М. — Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы;
Қаскербаев А.Х. — Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары;
Амитов А.Ш. — Петропавл қаласы прокурорының орынбасары;
Ғалимжан К.К. — Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының инвестициялық жобалар жөніндегі аға көмекшісі;
Насиров Р.Х. — Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының кәмелетке толмағандар жөніндегі заңнаманың орындалуын қадағалау бойынша аға көмекшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы