Анонс «Құқықтық дәріхана» Акция

Анонс «Құқықтық дәріхана» Акция

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 03 ақпаннан бастап апта сайын сейсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00 дейін Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдары «Құқықтық дәріхана» ауқымды іс-шарасын өткізеді.Акцияның мақсаты- халыққа қолжетімді құқықтық көмек көрсетуді арттыру.


Іс-шара аясында әрбір тұрғынға алдын-ала жазылусыз өмірлік маңызды мәселелер-әлеуметтік төлемдер, отбасы және тұрғын үй даулары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және т.б. бойынша кеңес алу мүмкіндігі берілген.


Акция әрқайсына құқықтық тегін кеңес алуға мүмкіндік беретін, заңнама сұрақтары мен өздерінің құқықтарын қорғайтын прокуратура органдары мен азаматтардың өзара әрекеттесу құралы болып табылады. Бұл құқықтық мемлекетті дамыту бойынша міндеттерді практикалық жүзеге асыру және қоғаммен үкімет институттарының арасындағы сенімді нығайту үлгісі.
Акция шеңберінде азаматтарды қабылдау келесі мекенжайларда жүргізіледі:


ӨТКІЗУ ОРЫНДАРЫ:
Петропавл қ.:Т«Рахмет» СҮ, К. Сүтішев, 58
Айыртау ауданы, Саумалкөл с., аудандық Мәдениет үйі, Ақан сері к., 31
Ақжар ауданы , Талшық с., ІТ орталық, Ломоносов к.,1
Аққайың ауданы, Смирново с., Мәдениет үйі, Жеотоқсан к.,24
Ғ. Мүсірепов ауданы, Новоишимка с., аудандық Мәдениет үйі, Абылай хан к.,19
Есіл ауданы, Явленка с., Есіл ауданының әкімдігі, Тәуелсіздік к.,10
Жамбыл ауданы, Пресновка с., аудандық Мәдениет үйі, Иванов к., 19
Қызылжар ауданы, Бескөл с., Халыққа қызмет көрсету орталығы, Институтская,1в
«Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Мамлют аудандық ауруханасы, Мектеп-интернат, 17
М.Жұмабаев ауданы, Булаево қ., аудандық Мәдениет үйі, Юбилейная к.,56
Тайынша ауданы, Тайынша қ. «Аманат партиясы» ҚБ аудандық филиалы,Орталық қ., 3а.,
Тимирязев ауданы, Тимирязево с., аудандық Мәдениет үйі, Жеңіс к.,11
Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл с., Халыққа қызмет көрсету орталығы, Уәлиханов к.,80
Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Азаматтар үшін үкімет КеАҚ», Желтоқсан к.,31

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы