
Прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Жүргізілген талдау барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) талаптарын бұзу фактілері анықталды, олар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалмауы нәтижесінде келтірілген мүліктік залалды өндіру жөнінде тапсырыс беруші тарапынан шаралар қабылданбауынан көрініс тапқан.
Атап айтқанда, Шал ақын ауданында жалпы білім беретін мектептерді күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарттарын іске асыру кезінде мердігер шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру шарттарын ұсынған.
2023–2024 жылдарға заңды күшіне енген сот актілерімен мердігердің өз шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамау фактілері анық және дәлелді түрде белгіленген.
Соған қарамастан, ауданның білім бөлімі (тапсырыс беруші) Заңның 43-бабының талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы шарттардың орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған сақтандыру сомасын өндіру бойынша жалпы сомасы 11,2 млн теңге көлемінде шаралар қабылдамаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен сақтандыру төлемдері толық көлемде мемлекет кірісіне өндірілді, бұл мемлекеттің материалдық мүдделерін қалпына келтіруге және қорғауға мүмкіндік берді.
Қадағалау органы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықты қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.