АНОНС

АНОНС

«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында 2026 жылғы 31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» атты ауқымды профилактикалық акция өтеді.
Іс-шараның бастамашысы облыс прокуратурасы болып табылады. Акция Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен және облыстың Полиция департаментімен бірлесіп, сондай-ақ еріктілердің, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылады.
Профилактикалық іс-шаралар жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын қауіпті учаскелерде, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында, сондай-ақ барлық аудандарда және Петропавл қаласында білім беру ұйымдарының маңында өткізіледі.
Акцияның басталуы: 2026 жылғы 31 қаңтар, сағат 10:00, Петропавл қаласы, облыс прокуратурасы ғимаратының алдында (Қазақстан Конституциясы көшесі, 15).
Акция барысында жол қауіпсіздігі бойынша ақпараттық жадынамалар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемді ақпараттық сүйемелдеу ұйымдастырылады.
Қауіпсіз жол – жалпы жауапкершілік!
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.


Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы