«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 29 қаңтар күні сағат 17:00-де облыс прокуратурасының ресми Instagram парақшасында @prokuraturasko келесі тақырыптар бойынша тікелей эфир өтеді: құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі қылмысы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандар арасындағы, сондай-ақ оларға қатысты қылмыс.
Хабарды тарату барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзекті сұрақтарды түсіндіріп, азаматтардың тікелей эфирдегі өтініштеріне жауап береді.
Спикерлер: С.К. Аскаров, Солтүстік Қазақстан облысы басқармасының бастығы, М.В. Доровик, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі; А.В. Мячина, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі; А.А. Аманбаев, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры; А.А. Бессонов, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы