Прокуратураның ұйымдастыруымен Петропавл қаласында есірткі заттарын өткізу ісі бойынша көрсетілімдік сот процесі өткізілді

Прокуратураның ұйымдастыруымен Петропавл қаласында есірткі заттарын өткізу ісі бойынша көрсетілімдік сот процесі өткізілді

2026 жылғы 22  қаңтарда Петропавл қалалық сотында аса ірі көлемде синтетикалық және психотроптық заттарды сатқаны үшін айыпталған 22 жасар Түркістан облысының тұрғынына қатысты үкім шығарылды.

 Жас жігіт 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды және сот залынан тура уақытша ұстау изоляторына конвоймен жіберілді.

 Сотталғанның рөлі Петропавл қаласының аумағында синтетикалық және психотроптық заттарды «жасыру» болған, алай да 2025 жылғы маусымда облыстың Полиция департаментінің Есірткімен күрес басқармасымен заңсыз қызметі үшін ұсталған.

Прокуратура органдары «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және жастар арасындағы профилактика мақсатында  көрсетілім процесін ұйымдастырды.

Онлайн хабар тарату режимінде процесті құрылыс-экономика және  Мағжан Жұмабаев атындағы колледж студенттері қараған. 

Жас ұрпаққа есірткінің заңсыз айналымымен байланысты  жасаған қылмыстары үшін салдары қандай болатындығы көрнекі түрде көрсетілді.   

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.  

                                     Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.