СҚО-да жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша телеөтті

СҚО-да жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша телеөтті

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ жастар қылмысының алдын алу, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2026 жылғы 22 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен бірлесіп «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында телекөпір өткізді.

Іс-шара М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде шамамен 500 студенттің қатысуымен тікелей диалог форматында өтті.

Телекөпір барысында қатысушылар алаяқтық және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған сотталған адамдардың нақты өмірлік оқиғаларымен танысты. Сотталғандар өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісіп, қылмыс жасауға итермелеген себептерді, сондай-ақ өздері тап болған ауыр құқықтық, әлеуметтік және моральдық салдарлар туралы баяндады.

Ашық қарым-қатынас форматы студенттерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға және нақты тәжірибе мен өмірлік мысалдарға негізделген жан-жақты жауаптар алуға мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара айқын профилактикалық және тәрбиелік сипатқа ие болып, жастардың заңнаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға, сондай-ақ заңға бағыну және жеке жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталды.

                                Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы