Жасыл қор қорғауда: табиғат қорғау прокуратурасы келтірілген залалды қатаң есептеуді қамтамасыз етті

Жасыл қор қорғауда: табиғат қорғау прокуратурасы келтірілген залалды қатаң есептеуді қамтамасыз етті

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы нормативтік құқықтық актіде сәйкессіздіктерді анықтады, бұл өсімдіктер дүниесіне келтірілген залал мөлшерін есептеу кезінде базалық мөлшерлемелердің дұрыс қолданылмауына әкеп соққан.

Елді мекендердегі жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі Үлгілік қағидаларға сәйкес, ағаштарды кесу кезіндегі залал көлемі орман қоры үшін көзделген базалық мөлшерлеме бойынша есептелген, ал ол елді мекендердегі жасыл желектерге қолданылмауы тиіс болатын.

Аталған мөлшерлемелердің негізгі айырмашылығы өлшем бірліктерінде: орман қоры үшін есептеу ағаштың текше метріне жүргізілсе, елді мекендердің жеріндегі жасыл желектер үшін әрбір ағаш немесе бұта бойынша неғұрлым жоғары базалық мөлшерлемемен есептеледі. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті арттырады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Үлгілік қағидаларға тиісті базалық мөлшерлемелерді қолдану бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Аталған өзгерістер бағалау есебін түзетіп, елді мекендердің өсімдіктер дүниесіне келтірілген залал мөлшерін бірнеше есе арттырады. Бұл табиғатты қорғау заңнамасын бұзған тұлғалардың жауапкершілігін дұрыс саралауға мүмкіндік береді.

Қадағалау органы нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты түрде зерделеп, белгіленген талаптарды халықтың назарына жеткізу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

                                    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.