Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Баянтай ауылында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа сумен жабдықтау жүйесін іске қосудың салтанатты рәсімі өтті.
Нысанның құрылысы прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізілді.
Іс-шараға Айыртау ауданының прокуроры м.а. Зейнуллин Жеңіс, аудан әкімі Меңдібаев Мейрам, қоғам өкілдері, ақсақалдар мен ауылдың құрметті тұрғындары қатысты.
Нысанның пайдалануға берілуі елді мекеннің 240 тұрғынын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл олардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етті.
Бұл жобаны жүзеге асыру әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржыландыру үшін мемлекетке қайтарылған қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын растайды.
Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтерді пайдалана отырып, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында барлығы 32 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Бұл жобалардың орындалу барысы қадағалау органының бақылауында.
Солтүстік Қазақстан облысың прокуратурасы