
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Ғалымжан Сайранұлы Әубәкіров Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Ғ.С. Әубәкіров 2002 жылдан бастап прокуратура органдары жүйесінде, әр жылдары Қызылжар, Уәлиханов, Есіл және Тайынша аудандарының прокуроры қызметтерін атқарды.
Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталған.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы