Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасарын тағайындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасарын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Александр Владимирович Трикачев Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына  тағайындалды.

А.В. Трикачев 2000 жылдан бастап прокуратура органдары  жүйесінде.

Әр жылдары Петропавл қаласы  прокурорының орынбасары, прокуроры,  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның және Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

2023 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.

Қызмет өтілі 25 жылдан астам.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік награда - «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталған.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы