Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл, Қызылжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Мамлют аудандарының прокурорлары тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл, Қызылжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Мамлют аудандарының прокурорлары тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл, Қызылжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Мамлют аудандарының прокурорлары тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының прокуроры болып Арман Нұртазин тағайындалды.

Арман Қайырболатұлы Нұртазин 1980 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бөлім басшысы, басқарма басшысы және орынбасары қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры қызметін атқарды. Сыныптық шені- аға әділет кеңесшісі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының прокуроры болып Қайрат Ермекбай тағайындалды. Ермекбай Қайрат Ермекбайұлы 1978 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған. Әр жылдары Петропавл қаласы прокуратурасы прокурорының орынбасары және Солтүстік қазақстан облысы прокуратурасы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Мамлют ауданының прокуроры қызметін атқарды. Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының прокуроры болып Ғалымжан Әубәкіров тағайындалды. Әубәкіров Ғалымжан Сайранұлы 1976 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Уәлиханов, Есіл аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Қызылжар ауданының прокуроры қызметін атқарды. Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры болып Алтынбек Танқыбаев тағайындалды. Танқыбаев Алтынбек Ибадуллаұлы 1976 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бастаған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Аққайың, Уәлиханов аудандарының прокуроры қызметін атқарған. Осы уақытқа дейін Тайынша ауданының прокуроры қызметін атқарды. Сыныптық шені-аға әділет кеңесшісі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының прокуроры болып Самат Төлегенов тағайындалды. Төлегенов Самат Ерсайынұлы 1985 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2008 жылы бастаған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының орынбасары және басқарма басшысы лауазымдарын атқарған. Осы уақытқа дейін Солтүстік қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының басшысы қызметін атқарды. Сыныптық шені-кіші әділет кеңесшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.