Заң мен Тәртіп – ойландырған диалог

Заң мен Тәртіп – ойландырған диалог

Петропавлда "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында жоғары сынып және колледж оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті.

2025 жылғы 7 қарашада прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері жасөспірімдермен құқықтық жауапкершілік, қылмыстың алдын алу және киберқауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын сотталғандармен ұйымдастырылған телекөпір тудырды, олар өз оқиғаларын нақты айтып берді — ойланбаған әрекеттер, жеңіл ақшаға деген қызығушылық және қоршаған ортаның әсері оларды темір тордың артына қалай әкелді. Бұл ашық мойындаулар жасөспірімдер үшін көрнекі сабақ болды және қылмыс ешқашан оның салдарын ақтамайтынына сендірді.

Оқушылар мен студенттерге  алаяқтыққа көмектесушілердің, алаяқтықтың, бұзақылықтың және есірткі сатудың салдары туралы айтылып, "Закладчики. Расплата" деректі фильмінің үзінділері көрсетілді.

Белгілі спортшылар - WBA Super және IBO нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпионы, WBA нұсқасы бойынша бұрынғы уақытша әлем чемпионы, EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы Жанат Жақиянов және жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының жүлдегері Маргарита Мұқашева жеке тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды өздеріне сенуге, "жеңіл ақшаның" азғыруынан аулақ болуға және  өмірді адал жолмен құруға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, пікір алмасып, өз әсерлерімен бөлісті, бұл жанды диалог ашық және жылы ортаны қалыптастырды.

Іс-шараға 300 астам оқушылар мен студенттер қатысып, жастар арасында кең үн қосып, қызығушылық тудырды.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk