
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының прокуроры тағайындалды.
Әділет кеңесшісі Кәкетаева Әсем Жұмаханқызы жоғарыда аталған ауданның прокуроры болды. Әсем Жұмаханқызы Кәкетаева прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданы прокурорының көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бас көлік прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Ұлытау облысы көлік прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Еңбек өтілі 18 жылдан астам, прокуратура органдарында 12 жылдан астам.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы