
Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 7 қарашада сағат 15:00-де Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жоғары сынып оқушыларымен «Сенің таңдауың-сенің тағдырың» тақырыбына профилактикалық кездесу өткізеді.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының, СҚО бойынша полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары, өңірдің спортшылары, сондай-ақ №50 және №48 (БКБ режимінде) мекемелердің сотталғандары қатысады.
Кездесудің мақсаты – жастар арасында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері мен салдары, оның ішінде есірткі тарату, бұзақылық және дропперлік мәселелері талқыланады.
Өтетін орны: Петропавл қ., «Оқушылар сарайы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55А.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы