Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары лауазымды тұлғаларды кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары лауазымды тұлғаларды кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, талдау барысында «К.Д. Құлжанова» ЖК-ге қатысты тақырыптық салықтық тексеруді негізсіз жүргізу фактісі анықталды.

05.09.2025 жылы Петропавл қаласы прокурорының қаулысымен Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының кінәлі лауазымды тұлғасы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 175-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратураның наразылығы бойынша бұл тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын өрескел бұзуына байланысты жарамсыз деп танылды және жойылды.

«KZYLTU GROUP» ЖШС жолданымын қарау кезінде Ақжар ауданының прокуратурасымен әкімдіктің лауазымды тұлғасы тарапынан бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, 1 700 000 теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шарты шеңберінде орындалған жұмыстар актісі бойынша дебиторлық берешекті төлеуден заңсыз бас тарту орын алды.

Басқа жағдайда, Айыртау аудандық статистика басқармасының басшысы «Заман» ШҚ қатысты заңсыз шешім қабылдады.

Тиісті аудандар прокуратураларының қаулылары бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Қызылжар ауданында прокуратура Мемлекеттік кірістер басқармасының кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуын анықтады.

Мәселен, «Молотков» ЖК-ге қатысты банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы негізсіз шешім қабылданды.

Аудан прокуратурасы салық органының басшысына қатысты материалдарды ҚР ӘҚБтК 173-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа жолдады.

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының 12.09.2025 жылғы қаулысымен лауазымды адам кінәлі деп танылып, 393 200 теңге сомасына айыппұл салынды. Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура органдары кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда. Прокурорлық қадағалау шаралары әкімшілік қысым фактілерінің жолын кесуге мүмкіндік береді және бизнестің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk