Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы әкімшілік іс жүргізу мәселесін талқылады

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы әкімшілік іс жүргізу мәселесін талқылады

2025 жылғы 29 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қ.Әбдіхановтың төрағалығымен уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

2024 жылғы және 2025 жылдың 9 айындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізудегі уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жай-күйі туралы  мәселе қарастырылады.

Отырыста әкімшілік іс жүргізу мемлекет ықпалының негізгі құралы болып қала беретіні атап өтілді. Өңірде электронды хаттамаларды енгізу және автоматты деректер алмасу есебінен цифрландыру мен істерді қарау мерзімдерін қысқартудың оң динамикасы байқалады.

Сонымен бірге, қадағалау органы анықтаған: азаматтарды жауапкершілікке заңсыз тарту, қылмыстық әрекеттерді әкімшілік деп дұрыс сараламау, сондай-ақ инвесторларға қатысты әкімшілік іс жүргізуді прокурормен келіспеу фактілері көрсетілді.

Қатысушылардың назары «қоғамдық жұмыстардың» жаңа түрін тиімді енгізуге, сондай-ақ техникалық жарақтандыруға және аудандық және ауылдық әкімдіктердің әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ӘІБТ) ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін жеткіліксіз пайдалануына байланысты жүйелік проблемаларға аударылды.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында прокуратура органдары 238 қадағалау актісін енгізіп, оның қорытындысы бойынша 65 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуроры әкімшілік практика субъектілерінен ӘҚБтК-нің 826-бабында көзделген жеке ұсыну түріндегі құралды белсенді пайдалануды, іс жүргізу материалдарының сапасына бақылауды күшейтуді, әкімдіктердің «ӘІБТ» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ істерді қозғау мен тоқтатуға формальды көзқарас үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру.

Бұл шараларды жүзеге асыру әкімшілік іс жүргізудің тиімділігін арттырып, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтады.

Солтүстік Қазақстан облысының  прокуратурасы