АНОНС «Вейпті тапсыр - денсаулықты таңда» акциясы

АНОНС  «Вейпті тапсыр - денсаулықты таңда» акциясы

Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі Тұжырымдама шеңберінде, 2025 жылғы 30 қазанда сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін облыс прокуратурасымен «Вейпті тапсыр – денсаулықты таңда» атты кең ауқымды акциясы өткізіледі.

Акцияға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жастар қоғамдық бірлестіктері қатысады.

Акцияның мақсаты- тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптердің) айналымы саласындағы құқыққа қарсы әрекеттердің заңсыздығын құқықтық түсіндіру, халықтың сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтарға қолда бар «вейптер» мен оларға арналған керек-жарақтарды ерікті түрде және салдарсыз тапсыру мүмкіндігін беру.

Өткізілетін орындар:

Петропавл қ.: Қ.Сүтішев к., 58Б, «Рахмет» СОО-да, Ш.Уәлиханов к., 56, «Сити Молл» СОО-да;

Айыртау ауданы: Саумалкөл с., Ақансері к., 31, Мәдениет үйінде;

Ақжар ауданы: Талшық с., Победа к., 67, ХҚКО-да;

Аққайың ауданы: Смирнов с., Зенченко к., 11, ХҚКО-да;

Ғ.Мүсірепов ауданы: Новоишимка с., Абылайхан к.,19, Мәдениет үйінде;

Есіл ауданы: Явленка с., Тәуелсіздік к., 10, аудан әкімдігі ғимаратында Азаматтарды қабылдау орталығында;

Жамбыл ауданы: Пресновка с., Горький к., 10Г, ХҚКО-да;

Қызылжар ауданы: Бескөл с., Институтская к., 2Б («Магнум» дүкені);

М.Жұмабаев ауданы: Булаево қ., С.Мұқанов к., 34Д, вокзал маңындағы алаң;

Мамлют ауданы: Мамлютка қ., Победа к., 64 («Семейный» дүкені);

Тайынша ауданы: Тайынша қ., Қазақстан к., 111 («Семейный» дүкені);

Тимирязев ауданы: Тимирязево с., Жеңіс к, 11, Мәдениет үйінде;

Уәлиханов ауданы: Кішкенекөл с., Уәлиханов к., 80, ХҚКО-да;

Шал Ақын ауданы: Сергеевка қ., Аютас к, 9 («Семейный» дүкені).

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы