Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ағымдағы жылдың 01 - 30 қыркүйегі аралығында облыс аумағында  «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Акция барысында азаматтарға алдын ала жазылусыз түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігі берілді.
Облыста халық көп жиналатын орындарда азаматтарды қабылдау жұмыстары ұйымдастырылды.

Осы кезеңде прокурорлар 350 азаматты қабылдады, олардың едәуір бөлігі құқықтық мәселелерді шешуде практикалық көмек алды.

Акция барысында 30-ға жуық азаматқа практикалық көмек көрсетілді, 40-қа жуық азаматтың  проблемалық мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді, 20 азаматтың проблемалық мәселелерін шешу бақылауға алынды.

Мәселен, акция барысында азамат К., салынған әкімшілік айыппұлдардың уақтылы төленбеуіне байланысты жеке сот орындаушысының есепшотты бұғаттау мәселесі бойынша өтініш берген.

Қабылдау барысында азамат К.-ның барлық айыппұлдары өтелгенімен, 2 айға жуық жалақысын ала алмағаны анықталды.

Қабылданған шаралармен 15 минут ішінде шоттар тыйым салудан  алынды.

#Заң_мен_Тәртіп

Солтүстік  Қазақстан  облысының  прокуратурасы