Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады

Талдау шеңберінде шетел азаматтарына қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңын (бұдан әрі -  Заң) өрескел фактілері анықталды.

Осылайша,   «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» ҚАҚ-ң филиалы (бұдан әрі-Филиал) Заң талаптарына қайшы, шетелдіктерге олардың Қазақстан Республикасының аумағында болмай жеке сәйкестендіру нөмірлерін алу туралы 720 өтініштерін рәсімдеген.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күшін жою шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 шілдесінде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл қаласының және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабы 2-бөлігі «Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk