Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алулардағы заң бұзушылықтардың жолын кесіп, жосықсыз жеткізушілердің қолжетімділігін шектеді

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алулардағы заң бұзушылықтардың жолын кесіп, жосықсыз жеткізушілердің қолжетімділігін шектеді

Прокуратура органдары мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Талдау барысында жосықсыз қатысушыларға көзделген шараларды қабылдамау түрінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) өрескел бұзылғандығын анықталды.

Осылайша, Шал ақын ауданы әкімі аппаратының лауазымды тұлғалары заңды күшіне енген сот шешімін ескермей, өнім беруші туралы мәліметтерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға жібермеген.

Осындай заң бұзушылықтар Аққайың ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде, Ғ.Мүсірепов және Уәлиханов аудандарының білім бөлімдерінде, сондай-ақ Ақжар, Қызылжар, М.Жұмабаев, Шал ақын, Уәлиханов аудандарының әкімдіктерінде және Ақжар, Уәлиханов аудандарының емдеу мекемелерінде, оның ішінде Психикалық денсаулық орталығында анықталды.

Тимирязев ауданында білім бөлімі бір жылдан астам уақыт бойы жосықсыз жеткізуші туралы ақпаратты уәкілетті органға жолдамаған.

Осындай заңбұзушылыққа Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің Аппаратымен де жол берілген.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес 15 лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, заң бұзушылықтар жойылды, 26 жосықсыз өнім беруші тиісті тізілімге енгізілді, бұл олардың мемлекеттік сатып алуға одан әрі қатысуына жол бермейді.

Қадағалау органы мемлекеттік сатып алулардағы заң үстемдігін қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы