А.ж. 12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қайрат Әбдіханов Тимирязев ауданында жұмыс сапарымен болды.
Сапар барысында кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, бизнес саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жоюдың өзекті мәселелері қаралды.
Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша, оның ішінде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ведомствоаралық кеңес өтті. Оған мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Облыс прокурорының жеке қабылдауы барысында аудан тұрғындары өзекті мәселелер бойынша тікелей хабарласып, қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсініктеме алуға мүмкіндік алды.
Жұмыс сапары прокуратураның диалогқа ашықтығын және қоғамның сенімін арттыруға ұмтылысын көрсетті, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, өңірдегі алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етті.
#Заң_мен_Тәртіп
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы