Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін лауазымды тұлғаларды жауапқа тартты

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін лауазымды тұлғаларды жауапқа тартты

Прокуратура органдары бюджет қаражатын жұмсау саласындағы заңдылықтың сақталуын жүйелі негізде қадағалауды жүзеге асырады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 44-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшінің жеке немесе заңды тұлғаларға шешімдер дайындау және қабылдау кезінде құқыққа сыйымсыз артықшылық беруінде көрсетілген тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту не қызметтен шығару түріндегі тәртіптік жауаптылық көзделген.

Талдау барысында жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, Есіл ауданында ТКШ бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып, ауылдық елді мекендерде 31,3 млн теңге сомаға суды тазартудың кешенді модулін орнатқаны үшін өнім берушіге ақы төледі, олар іс жүзінде орындалмады.

Нәтижесінде жеткізушіге шешім қабылдау кезінде заңсыз артықшылық берілді.

Қызылжар ауданында Бескөл ауылдық округінің әкімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарына қайшы, жеткізушіге аудан орталығының алаңын жаңа жылдық безендіру бойынша 8,4 млн теңге сомасына ақы төледі, олар да орындалмады.

Прокурорлық қадағалау актісі және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық Департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде, ал аудандық ТКШ бөлімінің басшысы қызметтен шығару түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жол берілген қаржылық бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдады.

Жыл басынан бері прокуратура актілері бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін барлығы 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның 1-і жұмыстан босатылды және 9-ы қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk