«Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу»

«Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу»

Облыс прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау және өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатында инвестициялық жобаларды белсенді сүйемелдеуді жүзеге асырады.

 Жалпыұлттық пулға сәйкес облыс аумағында жалпы сомасы 781,9 млрд теңгеден астатын 51 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, шамамен 7 200 жұмыс орны құрылатын болады.

Өңірлік пулда 9,1 млрд теңге сомасына 49 жоба бар.

 Прокурорлық сүзгіні іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардан прокуратураға тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қамтитын 120 материал келіп түсті.

 Осы материалдарды зерделеу негізсіз әкімшілік қысымның 40 жағдайының алдын алуға, сондай-ақ тексерулерді заңсыз жүргізудің екі фактісінің жолын кесуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы 226,5 млрд теңге сомасына инвестиция салуды және 2 893 жұмыс орнын құруды жоспарлап отырған 34 инвестордың 20 проблемалық кейсі оң шешімін тапты.

Мәселен, «Тайынша Май» ЖШС өтініші бойынша 2025 жылғы 6 маусымда полиция қызметкерлері тағайындау және құқықтық статистика органдарында міндетті тіркеу туралы акт шығармай заңсыз тексеру жүргізгені анықталды.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісі бойынша Тайынша ауданы полиция бөлімінің атына прокуратура қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша бөлім бастығының орынбасары және учаскелік инспектор тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жағдайда, «СевКазЭнерго» АҚ облыс прокуратурасының фронт-офисіне өтініші бойынша прокурордың наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша 589 800 теңге сомасына іс жүргізу тоқтатылды.

Сондай-ақ, облыс прокуратурасының 2025 жылғы 25 сәуірдегі ұсынуы бойынша қала әкімдігі «SMBGROUP Family» ЖШС инвесторының алдында 1 млн теңгеден астам сомаға полипропилен қаптарын жеткізуге арналған шарт бойынша берешегін өтеді, ол жергілікті атқарушы органның резервінде ақша қаражатының болмауы себебінен қазынашылық органдарында тіркелмеген.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жұмыс облыс прокуратурасының ерекше бақылауында және инвесторлар үшін құқықтық кепілдіктерді нығайту және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында жалғастырылатын болады.

 Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk