Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қайрат Әбдіханов Жамбыл ауданында болды. Іссапар барысында облыстың қадағалау органының басшысы аудан әкімі мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жедел кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар «Жас-қыран» спорт сарайында дзюдо секциясының салтанатты ашылуы өтті. Облыс прокуроры өз сөзінде жаңа спорт алаңы – жастардың салауатты болашағына, құқықтық мәдениеттің және қоғамдық тәртіптің нығаюына жасалған қадам екенін атап өтті. Ол спортпен шұғылдану рухты шыңдайтынын, тәртіп пен құрметке баулитынын, жаңа заманның тұлғасын – дені сау, жауапты әрі адал азаматты қалыптастыратынын ерекше атап өтті.
Жас спортшыларға облыс прокуроры кимоно табыс етті, ал секцияның алғашқы тәрбиеленушілері өз шеберліктерін көрсетті.
#Заң_мен_Тәртіп
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk