«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы судьялар корпусымен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.
Онда қылмыстық істерді сотта қарау барысында туындайтын проблемалық мәселелер, оның ішінде қайта саралау фактілері, қылмыстық істерді прокурорға қайтару негіздері талқыланды.
Сондай-ақ экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарға және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында кәсіпкерлік субъектілерін қорғауға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Іс-шара барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде Конституция мен қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға, істің барлық мән-жайларының толық және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз етуге баса назар аударылады.
Полиция, экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері қылмыстық істерді сапалы тергеу және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында тәжірибемен алмасты.
#Заң_мен_Тәртіп
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы