«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы соттармен және уәкілетті органдармен бірлесіп өндіріс объектілерінде көшпелі отырыстар өткізуде.
Еңбек ұжымдары мен жұртшылықтың қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жария түрде қарау жазаның бұлтартпастығы қағидатын айқын көрсетеді.
Отырыстарда жиі кездесетін бұзушылықтар-қоғамдық орындарды ластау, тұрмыстық жанжалдар, мас күйінде көлікті басқару, қоғамдық орындарда алкоголь ішу, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу және сот актілерін орындамау қарастырылады.
Бұл бастама қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға бағытталған.
Тазалық пен тәртіп әркімге байланысты.
Көшпелі форматта өткен отырыстарда барлығы 15 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Өңір тұрғындарын заң нормаларын сақтауға, басқалардың құқықтарын құрметтеуге және қоғамдық қауіпсіздікке үлес қосуға шақырамыз.
Бұл форматтағы жұмыс жалғасын таппақ.
#Заң_мен_Тәртіп
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk