Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары білім беру мекемелерінде тыйым салынған контентке қол жеткізуге тыйым салды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары білім беру мекемелерінде тыйым салынған контентке қол жеткізуге тыйым салды

Прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Талдау шеңберінде Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласының жалпы білім беру мекемелерінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды.

Белгіленген нормаларға қарамастан, 74 мектепте кәмелетке толмағандарды өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге (соның ішінде суицид пен зорлық-зомбылыққа) итермелейтін материалдары бар тыйым салынған сайттарға еркін қол жеткізілді.

Прокуратура органдарының қаулылары бойынша білім беру мекемелерінің басшылары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409 — бабының 7-2-бөлігі бойынша - айыппұл салу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, прокурорлардың ұсыныстары бойынша барлық аталған білім беру мекемелерінде тыйым салынған Интернет-ресурстарға қолжетімділік шектеулі.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды.

Прокуратура еске салады: кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, заңды өкілдер не балалардың өздері облыс прокуратурасының сенім телефонына жүгіне алады: 8 (7152) 36-03-59.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk