Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджет қаражатын 39,8 млн теңгеге ұрлағаны үшін сот үкімінің шығуына қол жеткізді

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджет қаражатын 39,8 млн теңгеге ұрлағаны үшін сот үкімінің шығуына қол жеткізді

Прокуратура органдары бюджет қаражатын жұмсау саласындағы заңдылықтың сақталуын тұрақты негізде қадағалауды жүзеге асырады.

Айыртау ауданының білім бөлімінде (бұдан әрі – Бөлім) жүргізілген тексеру барысында мекеме бухгалтері тарапынан бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактілері анықталды.

Аталған лауазымды тұлғаның 2021 жылғы қаңтар мен 2024 жылғы сәуір аралығында ауданның білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы ретінде жалпы сомасы 39,8 млн теңге көлемінде ақша қаражатын заңсыз аударғаны белгілі болды.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 2024 жылғы 11 маусымда аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Айыртау аудандық сотының 2025 жылғы 28 наурыздағы үкімімен бөлімнің бухгалтері жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік және қаржы ұйымдарында 7 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Сонымен қатар, 2024 жылы енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде бөлім басшысы жол берілген бұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылды.

Облыс прокуратурасы бюджет қаражатын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыруда.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk