
Өсімдіктер әлемін қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижесінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды.
Белгіленген заң талаптарына қарамастан, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті лауазымды тұлғалары өтемдік көшет отырғызу көлемін 8 мыңнан астам бірлікке негізсіз төмендеткен, орындалу мерзімдері Заңға сәйкес келмейді.
Сондай-ақ, өсімдіктер әлеміне келтірілген залалдың мөлшері күші жойылған базалық мөлшерлемелермен есептеу фактісі, 8 кәсіпкерлік субъектісі тарапынан 730 дана өтемдік көшет отырғызу бойынша міндеттемелер орындалмаған, алайда тиісті мәжбүрлеу шаралары қолданылмаған.
Мамлют ауданының аумағында аудан әкімдігі тарапынан тиісті рұқсат құжаттарынсыз көшеттерді заңсыз тәркілеу фактісі тіркелді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс әкімдігі анықталған заңбұзушылықтарды жоюға, жасыл екпелерді қорғауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірленді.
Жауапсыз кәсіпкер 300 түп ағаш көлемінде өтемдік көшет отырғызды, қалған тұлғаларға қатысты міндеттемелерді орындауға сотқа дейінгі сипаттағы шаралар қабылданып, орындалмаған жағдайда сотқа жүгіну жоспарлануда.
Қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін 4 лауазымды тұлға, оның ішінде Петропавл қаласының ТҮКШ бөлімінің басшысы және Мамлютка қаласының әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Табиғат қорғау прокурорының қаулысымен прокурордың заңды талабын уақтылы орындамағаны үшін Петропавл қаласы әкімдігі бөлімінің басшысы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 665-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұл толық көлемде өндірілді.
Өсімдіктер әлемін қорғау саласы қадағалаушы органның тұрақты бақылауында.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk