Дрон құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы ретінде

Дрон құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы ретінде

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Уәлиханов аудан прокуратурасы полиция бөлімімен бірлесіп пилотсыз ұшу аппаратын қосу арқылы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін жұмыс атқарылып жатыр.

Дронды пайдалану кезінде әкімшілік бұзушылық анықталып, олар бойынша хаттама толтырылды.

Пилотсыз ұшу аппараты аудан көшелерін әуеден бақылап, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейді.

Олардың көмегімен қауіпті құқық бұзушылықтар — қарсы қозғалыс жолағына шығу, маневр жасау ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу сияқты жағдайлар анықталып.

Әрбір факт бойынша жедел шаралар қабылданды.

Мұндай тәсіл өзінің жоғары тиімділігін көрсетті.

Аудан прокуратурасымен бұл бағыттағы жұмыс жалғастыруда.

#Заң_мен_Тәртіп

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko?lang=kk